МТРА жаңалықтары

Спорт жаңалықтары

 

 

Кадеттер, жастар және ересектер арасындағы жарыс үш салмақ дәрежесі бойынша өтуде. 1992 және 1996 жыл аралығындағы жастар ішінен 4 күнде  мықтының мықтысы анықталмақ. Чемпионаттың  ашылу салтанатына СҚО әкімінің бірінші орынбасары, бокс және кикбокс федерациясының президенті Жанболат Смайылов келді.

Жанболат Смайылов, СҚО әкімінің бірінші орынбасары, бокс және кикбокс федерациясының президенті:
-Алғаш рет Ақжар, Жамбыл аудандарының спортшылары осындай ірі жарыс алаңына шығып отыр. Бокс Федерациясы жыл санап өсіп келеді. Біздің басты мақсатымыз – бокстан талантты жастарды аймағымыздың түпкір-түпкірінен іздеу.

Армия Хуанбай Ақжар ауданының былғары қолғап шеберлерін жарысқа әзірлеген. Бапкер осы жарыста еңбегім ақталады деген сенімде.

Армия Хуанбай, №2 Ленинград орта мектебінің жаттықтырушысы, Ақжар ауданы:
Біз Ақжар ауданында бокспен 1,5 жыл айналысып келеміз. Осы жарысқа 4 бала әкелдім. Қорытынды жақсы болады деп ойлаймын.

 
Дүбірлі додада көш бастаған Әнуарбек Байжанов пен Ерназар Уәпов – қызылжарлық азаматтар. Екі боксшы да 3 раунд бойы үздік өнер көрсетті.   Азия, Қазақстан чемпионы Әнуарбек Байжанов қарсыласына дес бермей, тізе бүктірді.

Әнуарбек Байжанов, спорт шеберлері мектебінің оқушысы:
– Жарыс үлкен дәрежеде өтті. Алда Алматыда өтетін жарыс бар. Соған барып жеңгім келеді. Ол Азия ойындарына іріктеу жарысы.

 
Жарыс қорытындысы бойынша мерейі үстем болып, жеңіске жеткен азаматтар Республикалық, кейін халықаралық чемпионатқа өтеді.
Үздіктер қатарын толықтырған жастар есімі наурыздың 13-і белгілі болады.

 

 

СҚМУ-дің бассейнінде бүгін жүзу спортынан ашық ел біріншілігі мәресіне жетті. Командалық есепте Алматы қаласының спортшылары алдарына жан салмады. Өзбек ағайындар да алтыннан алқа тақты.

 

 Ел біріншілігінің бүгін 5-ші  күні. Сайыс тәмамдалуға жақын. Төрешілер  жарыс қорытындысын алдын ала шығарып та үлгерді.

 Теміртас Әлжанов, бас төрешінің орынбасары:
– 4 күннің қорытындысы бойынша Алматы қаласы алда келеді,  сосын – Қарағанды, өзбек ағайындар да жақсы нәтиже көрсетіп жатыр. Жаңа ғана өзбек спортшысы бірінші орынды алды.

 Өзбек елінің спортшысы Алексей Дерлюгов баттерфляй әдісі бойынша алдына жан салмады.
Оның уақыты- 2 мин 08 секунд. Алтын жүлде қоржында. Өзінің  алғашқы сайысында Алексей бірден мамандардың көзіне шалынды.  

Алексей Дерлюгов, Қазақстан біріншілігінің жеңімпазы, Өзбекстан:
Мен Қазақстанға бірінші рет келіп тұрмын. Ә дегеннен бірінші орынды жеңіп алдым. Қарсыластарым шалағай болды деуге аузым бармайды. Бәсеке мықты болды. Өзбекстанда жоғары деңгейдегі жарыстар жоқ. Сондықтан сіздерге келіп шеберлік шыңдауға тура келіп тұр.

 Біздің өңірдің жүзушілері де қарап қалған жоқ. Дмитрий Гапоченко мен Александр Труш жеке сайыста қос қола медальді жеңіп алды.

 

 

 

 

 

 Салауатты өмір салтын уағыздаушы Порфирий Ивановтың туған күніне орай бір топ петропавлдықтар қалалық жағажайға жиналды.  



 

11 жасар Павел Фурманюк Есілдің мұздай суына бірінші рет түсіп жатқан жоқ. Суық сумен денесін шынықтыруды ол мектеп табалдырығын аттамай тұрып бастаған екен. Ең жас болғанымен салауатты өмір салтын серік еткен ол өзгелерге үлгі көрсетіп, ойыққа бірінші болып сүңгіді.

Павел Фурманюк, “Денсаулық” клубының мүшесі:
– Денсаулығымның мықты болғанын қалаймын.
Еш уақытта ауырмас үшін күнде салқын сумен жуынамын. Әбден үйреніп алдым.  

Қыс уақытында шомылудың пайдасы зор екенін білетін клуб мүшелері суық су сергітіп, күш береді, ең бастысы денсаулық нығаяды дейді. Солтүстік Қазастан кәсіптік- педагогикалық колледжінің студенті  Ақыл Дайыров осы әуестігінің арқасында аурудың не екенін ұмыттым дейді.

Ақыл Дайыров, «Денсаулық» клубының мүшесі:
– Қазір денсаулық ұйымына 100-ден артық солтүстікқазақстандық мүше. Олар қыс мезгілінде бірнеше рет кездесіп, мұздай суға шомылады. Көктемнің алғашқы күндерінде дәстүр бойынша  суық суға  енді үйреніп жатқан жастар өз мүмкіндіктерін сынайды.

  Анатолий Фурманюк,  ” Денсаулық ” клубының директоры:
-Біздің клубтың жас мүшелері негізгі қадамға бармас бұрын, денелерін үйдің температурасында жаттықтырып, үлкен дайындықпен келді. Таза ауа мен суық су кез-келген аурудың алдын алудың басты кепілі.

Дәрігерлердің байқауынша бұндай шомылудан кейін тәбет ашылып, иммундық жүйе жақсарады.