МТРА жаңалықтары

Қосымша білім беру мекемелерінің ұстаздары тәжірибе алмасты.

 

 

Балалардың шығармашылық қабілетін дамыту бағытында   қосымша білім беру мекемелерінің атқарар рөлі зор. Қазіргі таңда облыста олардың саны 34-ке жетіп, барлығы 14 мыңға жуық баланы қамтып отыр. Ғылыми-тәжірибелік конференцияда балғындардың көркем-эстетикалық және интеллектуалдық тәрбиесін дамыту жолында қандай жаңа әдістер қолдану керектігін талқылады.

Фарида Әбілғазина, БЖШО әдіскері:
-Қосымша білім беретін мекемелер аудандардың көбінде   ашылып жатыр.Ондағы мұғалімдер балалармен жұмыс жүргізу жолдарын дұрыс білмейді. Біздің әдіскерлердің білім деңгейі олардан жоғарылау. Бүгін олар осы орайда өз іс-тәжірибелерімен бөліседі.

А
удандарда 22 қосымша білім беру мекемесі жұмыс істейді. Оның ішінде үшеуі Ғ.Мүсірепов ауданында. Новоишимка өнер мектебінің құрылғанына 1 жыл. Мұнда 200 -ге жуық бала шығармашылықпен айналысады.  


Евгения Фоменко
, Новоишимка өнер мектебінің меңгерушісі, Ғ.Мүсірепов ауданы:
– Біз форт
епианода, баянда, домбырада ойнауды үйретеміз. Балалар сабақтарға зор  қызығушылықпен қатысады. Мұғалімдер олардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін көп жұмыс істейді.

Жиында балалардың таланттарын анықтау үшін ұйымдастырылатын шаралардың санын көбейту керектігі
айтылып,  аудан, қала және облыс көлемінде алуан түрлі байқаулар мен викториналар өткізу ұсынылды.  

Надия Мұрзабаева, Мамлют өнер мектебінің директоры:
– Семинар көңілімнен шықты. Меніңше, бүгін қаралған  мәселе өте өзекті. Мұнда біз әріптестерімізбен тәжірибе бөлісіп, қосымша білім беру жүйесіне қандай жаңа технологиялар мен әдістер енгізілгені туралы білдік.
Енді алған білімімізді іс жүзінде қолданатын боламыз.

Қосымша білім беру орындарының саны аз болғандықтан, түрлі мекемелерде үйірме
лер жұмысы ұйымдастырылған.  Бүгінгі күні облысымызда 3162 үйірме бар екен. Олар 40 мыңдай баланы қамтиды. Сондай-ақ балғындардың шығармашылығын дамытуға аулалық клубтар да өз үлестерін қосады.