МТРА жаңалықтары

Осы жұрт Жұмабек Тәшеновті біле ме екен?

 

 

 Қоғам қайраткері Жұмабек Тәшеновтің мемлекетіміздің қалыптасуына және дамуына қосқан еңбегі зор. Ол көп жылдар жоғары мемлекеттік қызметтерде еңбек етті. Ел тағдырына қатысты Жұмабек Тәшеновтың жасаған батыл қадамдары тарих беттерінде мәңгі қалмақ. 60-шы жылдардың басында қазақ жерінің аумақтық тұтастығына қауіп төнген кезде Қазақ ССР министрлер кеңесінің төрағасы  болған Жұмабек Тәшеновтың әрекеті ерлікпен пара-пар дейді өлкетанушы Қайролла Мұқанов.  Жұмабек Тәшенов еңбек жолын біздің облыста бастаған. Соғыс жылдары және одан кейінгі кезеңде аянбай еңбек етіп, жиырма жылдан астам өңіріміздің дамып-өркендеуіне көп еңбек сіңірді. Жасұлан Құдабаев Тәшеновпен  жақын араласқан екен. Жұмысына адал, жауапкершілігі аса зор адам болатын деп еске алады қария.  Жұмабек Тәшенов экономика ғылымдарының кандидаты. Бірнеше монографиялық еңбектің авторы. Оның 30-50 жылдары саяси қуғын-сүргінге ұшырағандарды ақтауға көп күш салғаны да атап өтілді. Аға буын өкілдері мемлекет қайраткерінің жүріп өткен жолы жастарға үлгі екенін айтады.