МТРА жаңалықтары

Облыс әкімінің қатысуымен өткен салтанатты жиын әйелдер мерекесіне арналды.

 

 

Бүгін көктемнің бесінші күні. Қысы қатты болған табиғат бүгін құбылып шыға келді. Күннің көзі нұрын шашты. Шуақты күнде нәзік жандар да мәз-мәйрам. Алайда бұл күні ер азаматтардың  шынайы көңілден шыққан құттықтаулары – ең басты қуаныш. Салтанатты жиында кішкентай қыздан еңкейген әжеге дейін қаншама жылы тілек айтылды. Әйелдердің қоғамда аса маңызды орын алатындығын өңір басшысы да  атап өтті.

Серік Біләлов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:
Көктеммен бірге келген алғашқы мереке – 8 наурыз,  әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын. Сіздерге денсаулық, бақыт тілеймін. Бүгінгі күні мемлекетіміз ана мен баланың жағдайын жақсарту үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатыр.  


Ержан Айнабеков, Айыртау ауданының әкімі:
-Бұл көктем мерекесі. Бұл ең жарқын  мереке. Әйел дегеніміз ана,  асыл жар, қарындас, әйел бүгін –кәсіпкер,саясаткер, сондықтан оның қоғамдағы орны зор.

Бүгінгі нәзік жандардың бейнесі сан алуан. Бүгінгі кәсіпкер әйел  экономиканың бөлінбес бөлшегіне айналды. Олар ақ халат киіп, адамдардың өміріне араша түседі. Бала тәрбиелеп,  өскелең ұрпақты білім нәріне сусындатады.

Темірғали Әбілмәжінов, СҚО білім басқармасының бастығы:
-Біздің салада 99 пайызы әйелдер ғой, олардың алатын орны зор біздің білім саласында.

Облыстық қорғаныс істері департаментінің бастығы Мұратбек Зейнуллин барша аналарға әскердегі балаларының ыстық сәлемін жеткізді.

Мұратбек Зейнуллин,  облыстық қорғаныс істері департаментінің бастығы:
-Біздің облыстан 2 мың сарбаз әскерде, олар сіздердің үміттеріңізді ақтап жүр. Үйге  аман-сау оралса, ең басты бақыт сол.  

Салтанатты жиында құттықтау сөздер марапаттауға ұласты. Облыстың дамуына сүбелі үлес қосқан бір топ әйел облыс әкімінің Құрмет грамотасы мен алғыс хаттарға ие болды.  Дәстүрлі мерекелік концертте негізінен жігіттер өнер көрсетіп, әйел қауымына деген ыстық сезімдерін би мен ән тілінде жеткізуге тырысты.