МТРА жаңалықтары

Алтын құрсақ аналарға айрықша құрмет көрсетілді.

Облыс әкімі көпбалалы  аналарға 8 наурыз мерекесі қарсаңында Алтын және Күміс алқаларды тапсырды. Ардақты аналар  мемлекеттің ана мен балаға жасап отырған қамқорлығына разылық білдірді.  

 

 

Облыста қазіргі күні 3 мыңнан астам көпбалалы ана тұрады. Олардың 1 мыңы “Алтын алқа”, 2 мыңнан артығы “Күміс алқаны” иеленген. 8 Наурыз мерекесі қарсаңында осындай асыл жандардың қатары артты. Ақ жаулықты аналарды облыс әкімі құттықтады.

Серік Біләлов,Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:
-Ананың қоғамдағы рөлі ерекше. Нәзік жандар қоғамның өздеріне салған ауыр жүгін көтеріп, елдің дамуына септесіп жүр. Ардақты жандар, асыл жандар мерекелерің құтты болсын.

 Алқаларды облыс әкімі тапсырады дегенде ақ шашты әжелердің қуаныштарында шек болмапты. Барлығы мемлекеттің қамқорлығын сезініп жүргендерін сөз етті. Бақыт құшағына бөленгендердің қатарында 85-тегі тыл еңбеккері, қарт ұстаз Сәбира Ыбраева да бар. Жас күнінде  тылдағы ауыртпалықты ересектермен бірдей көтерісіп, аянбай еңбек еткен.  Майданнан ауыр жарақаттанып келген жан жолдасы өмірден ерте озып, тағы қиындық көреді. 8 баланы жалғыз тәрбиелеп жеткізген ана өмірге риза

Сәбира Ыбраева, “Алтын алқа” иегері:
-Масақ та тердім, қой да бақтым. Бәрі де жеңіс үшін деп істемеген жұмысым жоқ. Солай жеңісті жақындаттық.
Бұндай құрметке бөленіп отырғаныма қуаныштымын.

Елбасының жолдауына сай
 Алтын және Күміс алқалы аналарға төленетін жәрдемақы да ұлғайды. Бұл туралы жиында аналарға мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының облыстық филиалының директоры Кемеңгер Әмрин баяндады.

Кемеңгер Әмрин,  Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы облыстық филиалының директоры:
едаль алғандар  құжаттарды бізге тапсырыңыздар. Енді зейнетақыларыңызға қосымша  ақша төлейміз. Ол Президент жарлығы шыққан күннен басталады.

Жиында аймақ басшысы бір-бір отбасының
ұйытқысы болып отырған аналардың жағдайларын сұрап, олардың пікір- өтініштерін тыңдады. Мерекелік көңіл-күйге бөленген аналардың кейбірі ақ тілектерін жыр жолдарымен білдірді.