МТРА жаңалықтары

Петропавлдың шет ауданында заңсыз наубайхана табылды.


Нан-тоқаш цехы Украин көшесінің бойындағы ғимаратта орналасыпты. Оның қожайыны- Бидзина Чедлишвили. Өндірістің іске қосылғанына 10 күн ғана болды дейді жеке кәсіпкер. Алайда осы маңдағы тұрғындардың сөзі мүлдем басқаша.

Қабира Қабдуллина, Жұмысшы кентінің тұрғыны:

-Менің білуімше, бұл цех былтырдан бері жұмыс істеп жатыр.

Жеке кәсіпкердің бастамасы дұрыс-ақ. Алайда игі істі қолға алдың екен, нан пісіру тәртібі толығымен орындалуы тиіс. Алайда цехқа кірген кезде керісінше жағдай байқалады: қолмен тасылған су, жуындыға арналған шелек, нан формасы – бәрі бір бөлмеде, жаңа піскен нан  да осы жерде. Бұл санитарлық талаптарға қайшы .  Өнімнің сапасы көңіл көншітпейді, салмағы да аз. Бағасы да соған сәйкес: бір бөлкенің құны – 28 теңге. Қабира Қабдуллина осы цехтан бір жолы нан сатып  алыпты. Алайда апай бас тағамның қандай жағдайда піскенін  білмейді.

 
Қабира Қабдуллина, Жұмысшы кентінің тұрғыны:
-Осыдан бір рет алғанмын, сапасы жақсы сияқты да.

 

 Бидзина Чедлишвили, жеке кәсіпкер:
– Санитарлық талаптарға сай емес екенін білемін. Рұқсат қағазды сатып алуға  ақшам жоқ.

Санитарлық қадағалау департаменті бұл кәсіпорынның қызметін тоқтатпақ.

Татьяна Горлова, облыстық санитарлық-эпедемиологиялық қадағалау департаменті директорының орынбасары:

-50 келіге жуық өнімді жою жөнінде шешім қабылдаймыз, ал нан пісіру цехын жабу туралы материалды қалалық сотқа жібердік.