МТРА жаңалықтары

Ішкі істер департаменті басшысы қоғамдық қабылдау өткізді.

 

 

Ішкі істер департаментінің бастығы халықты қабылдамас бұрын екі айда атқарылған жұмыстың қорытындысы жайлы әңгімеледі. Дауыл Түсіпбеков өңірдегі қылмыстық жағдайды оң бағалады. Біздің облыста тұрақты қылмыстық топ, атыс-шабыс жоқ . Алайда босаңсуға болмайды. Бас полицей көктем шыға біршама істің қолға алынатынын жеткізді.

Дауыл Түсіпбеков, СҚО ІІД бастығы:
-Осы тоқсанда біз қаламыздағы есірткі сататын орындарды түгел жабамыз. Олардың қайда орналасқанын білеміз. Көктем шыға сала біз саяжайлардағы күзетшілікті күшейтеміз.
Жаз  кезінде пәтер ұрлықтары да көбейеді. Осы мәселе де біздің қатаң бақылауымызда.

“Нұр
Отанның” қоғамдық қабылдауына бүгін 12 адам келді. Әрқайсысының өз бұйымтайы  бар. Алайда көбіне ортақ проблема ылмыстық істі тергеудің  аяғына дейін жетпей қалуы екен. Қоғамдық қабылдауға жұмыс іздеп келген тұрғындар да табылды.

Азамат Әлжанов; Петропавл қаласының тұрғыны:
– Мен өзіме емес, балама жұмыс іздеп келдім, ол Қостанай облысында қылмыстық атқару жүйесінде істеген.Сөйлестім департамент бастығымен, барлығын шешеміз деді.

Ал Ғафура Бөстекова қоғамдық проблеманы арқалап келіпті. 4-ші мектептің директоры өзінің қарамағындағы 2 оқушы қыздың тәрбиесіне алаңдаулы. Олар сабаққа бармайды екен.
 

Ғафура Бөстекова, №4 орта мектеп директоры:
– Екі қыздың анасы құқығынан айырылған, әкесі бірге тұрмайды. Олардың проблемасын енді департамент бастығы шешемін деді, сенімім зор.