МТРА жаңалықтары

Ата-аналар мен дәрігерлер арасында дау шықты.

 

 

Евгения Бобырь дәрігер Татьяна Гонгалоның  дөрекі сөздерін жиі естимін дейді.  Бір жасар  сәбиі Лукьянға туа біткен тірек-қимыл және жүйке жүйелерінің зақымдалуы деген диагноз қойылған.  Нәрестесі осындай ауыр кеселге шалдығып, салы суға кеткен ана қолдау көрсетудің орнына медицина қызметкерлері  немқұрайлылық танытатынын айтады. Баласының денсаулығына алаңдаған Татьянаның дәрігерлерге деген тағы бір өкпесі бар. Жан сақтау бөлімінен енді ғана шыққан Лукьянның иммундық жүйесі аурумен өздігінен күресе алмайды. Нәрестенің анасы дәрігерлер қажетті көмекті көрсетіп жатқан жоқ дейді.

Евгения Бобырь:
– Біз үйде ақылы түрде ем-дом алғанымызда инемен шаншу және тағы басқа да емдеу процедураларын жасадық. Дәл сол диагноз,  бірақ бұл жерде сондай шипалар көрсетілмейді. Дәрігерлер оның бәрі денсаулыққа зиянын келтіруі мүмкін дейді. Алайда әлі ешбір дәлелдемелерін көрсете алмады.  

Елена Бердина, неврология бөлімінің меңгерушісі:
-Бұл уақытта баланың өкпесіне суық тиіп, пневмонияға шалдықты. Дене қызған сәтте физиотерапия мен ине шаншып емдеу сияқты  процедураларды жүргізуге болмайды.

Люция Саутованың 11 айлық ұлы Даниял туғанынан өздігінен дем ала алмайды. Сондықтан жасанды тыныс алуға арналған аппараттан ажыратылмайды. Баласын ауруханадан шығаратын уақыты таяп қалды. Алайда кішкентайының өмірі байланған арнайы құрылғының құны 20 мың доллардан асып жығылады.
Жас отбасының қалтасы бұны көтермейді.

Люция Саутова:
Менің балам аппаратқа қосылмаған сәтте 15 минуттың ішінде өмірінен айрылады. Құрылғының аты құрылғы, кез келген уақытта істен шығуы мүмкін. Бұндай оқиғаға бір рет тап болдық. Әйтеуір абырой болғанда, уақытында қалпына келтірілді. Ал ауруханада қазір бір де бір аппарат бос емес. Әрине, бұл дәрігерлердің кінәсі емес. Десе де мәселені шешу қажет. Енді бір мәселе ол дәрігерлердің дөрекілігінде.

Дәрігерлер Люция Сауытова
ға алаңдаудың қажеті жоқ, қосымша құрылғы табылады дейді.  


Асылхан Жағыпаров,  ортопед-дәрігер:
-Біз қолдан келгенді жасаудамыз, алайда емдеу процесін дұрыс түсінбейтін ата-аналар созылмалы аурулармен түскен балаларының жағдайын ушықтырып отыр. Бірлесе түсіністікте жұмыс істеу керек.

Екі жақты да сергелдеңге салып қойған жанжал салдарынан кінәсіз балалар зардап шегуде. Енді кімнің дұрыс, кімнің бұрыс екенін дәрігерлік кеңес анықтамақ.