МТРА жаңалықтары

Ардақты аналар құрметке бөленуде.

 

 

Ұлы Отан соғысы басталғанда жас бала Зинаида Беева ел басына түскен қиындықтың шет-жағасын көргендердің бірі. Балалық шағы әскери госпитальдарда жаралы солдаттардың хатын жазу, картоп іріктеп, масақ жинаумен өтті. Жастайынан еңбекке араласты, кейін мұғалімдікті меңгерді. Ұзақ жылдар бала оқытты, қоғамдық жұмыстарға қатысты. Жетпістің төртеуіне шықса да Зинаида Сергеевна жұмыстан қол үзген жоқ.


Зинаида Беева, еңбек ардагері:

-Адамның әрқашан көңіл-күйі болуы керек. Көңіл-күй жоқ деп қарап отыратын уақыт емес. Жақында тағы қызу жұмыс басталады.

Облыс әкімі Серік Біләлов еңбек ардагерін әйелдер мерекесімен құттықтап, денсаулық тіледі. Ақшалай сыйлық табыс етілді. Тыл еңбеккері Айжан Тәжина соғыстан кейін қырық жылдан астам мектепте жұмыс істеді.
Жеті баланы өсіріп жеткізді. 14 немере 3 шөбере көрді. Жасынан қара жұмысқа араласып, бүгінде сол еңбегінің зейнетін көріп отырған ананың айтары алғыс пен ақ бата.

  Айжан Тәжина,еңбек ардагері:

Пенсиямызды қосып жатыр, елеусіз тастаған жоқ. Еліміз тыныш болсын. Жақсылық, жұмыстарың жемісті болсын.

 
Ал Марфа Матаева 1942 жылы Кеңес армиясына алынып, Ұлы жеңіске дейін майдан шебінде болған өжет қыздардың бірі. Санитар болып, тіпті Таяу Шығыстағы Жапон соғысына дейін жетті. Бүгінде қызымен бірге Бескөл селосында тұрып жатыр.
Ардагерді құттықтаған облыс әкімі Марфа Матаеваға теледидар сыйлады.


 

Халықаралық әйелдер күніне орай “Нұр Отан” ХДП облыстық филиалының өкілдері  де ардагер-әйелдердің үйлеріне барып, келе жатқан мерекелерімен құттықтады.   
 

Вера Ракицкая әскери қызметке 1941 жылы шақырылды. Медицина техникумын бітірген ол майдан шебінде дәрігер болып жұмыс істеп, талай сарбазды ажал аузынан аман алып қалды. Вера Николаевна Степной, Дон, Сталинград, кейін 1 -інші Украин майдандары құрамында  шайқасып, Берлинге дейін жетті. Бейбітшілік орнаған сәттен майдангер қыз облыс орталығындағы теміржол ауруханасында қызмет етіп, қазір екі бала, бес немере және екі шөбере сүйіп отыр. Вера Ракицкаяны халықаралық әйелдер күнімен құттықтауға үйіне “Нұр Отан” ХДП облыстық филиалының өкілдері келді.
Мұндай қуанышқа еңбек ардагері Миляуша Ибрагимова да бөленді. Соғыс басталғанда ол жеті-ақ жаста еді. Бала кезінен әке-шешесінен айрылған Миляуша әжесінің қолында өсті. Жасөспірім  шағынан қиындыққа тап болғанын тебіреніспен баяндайды.

  Миляуша Ибрагимова, еңбек ардагері:
– Сұрапыл соғыс жылдары біз, балалар, жүн түттік,   картоп тазалап, кептірдік. Кейін кептірілген картоп майданға жөнелтілетін. Ал өзіміз аш жүретінбіз.  


“Нұр Отан” ХДП облыстық филиалы төрағасының орынбасары Виктор Молодовский халықаралық әйелдер күніне қатысты партияның алдағы жоспарлары туралы әңгімеледі.

Виктор Молодовский,”Нұр Отан” ХДП СҚОФ төрағасының орынбасары:
– “Нұр Отан” партиясы Халықаралық әйелдер күніне орай бірқатар іс-шаралар өткізіп жатыр. Наурыздың 5 -і облысымыздың барлық аудандарында нәзік жандармен партияның аймақтық өкілдерінің салтанатты кездесулері өтеді. Ал Петропавлда өңір басшысы Серік Біләлов әйелдер қауымымен кездесіп, ардагерлер мен белсенділерді марапаттайды.

 Партия мүшелері 8 Наурыз күні дүниеге сәби әкелген аналарды да  арнайы перзентханаға барып құттықтап, оларға сыйлықтар жасамақ.