МТРА жаңалықтары

Қалаішілік жолаушы тасымалдауда жақсы өзгерістер байқалуда.

Қазір қалада орталық анықтамалық қызмет құрылып жатыр. Ол қоғамдық көліктердің қозғалысын бақылап отыру үшін қазіргі заманғы қондырғымен жабдықталмақ. Тұрғындардың арыз-өтініштері, ұсыныстары осы жерге түсетін болады. Сонымен қатар наурыздың бірінен аялдамаларда ақпараттық сілтемелер орнатылуда. Барлығы 295 аялдама қамтылмақ. Бұл сілтемелерде екі тілде бүкіл ақпарат берілген. Аялдаманың аты, қозғалыстың орташа ара қашықтығы, қандай бағыттағы автобустар мен троллейбустар өтетіні толық көрсетілген. Сонымен қатар анықтамалық телефон да бар. Яғни, қоғамдық көлік қызметіне көңілі толмаған жұрт шағымдана алады, немесе ұсыныстарын жеткізеді. Сондай-ақ тұрғындарға ыңғайлы болу үшін кей бағыттарға өзгерістер енгізілді. Енді 11-бағыт М.Қозыбаев атындағы СҚМУ жанына тоқтайды. Ал 29-бағыт тұрғындар тарапынан түскен шағымдарға байланысты мүлдем жабылды. Жұртшылықтың өтінішіне орай, Заречный кентіне жаңа 30-бағыт ашылды. Шағын автобустардың шағынаудан тұрғындарына қажет барлық медициналық мекемелерге барады. 4-бағыт бойынша да өзгертулер бар. Қалалықтар үшін тағы бір жағымды жаңалық: биыл саяжайларға автобустар сәуірдің он бесінен жүре бастайды.