МТРА жаңалықтары

Жаңа клуб әскери-патриоттық бағытта жұмыс істейді.

Өз жұмысын наурыздың бірінде бастаған «Жас батыр» клубының мүшелері мылтықты бөлшектеп бұзып, қайта жинау, сапта жүру және ату, азаматтық қорғаныс, алғашқы медициналық көмек сияқты үйірмелерге қатысады. Клубтың негізінде 6 кабинет және бір мұражай құрылды.


Зәмзәгүл Қарманова
, Петропавл қалалық білім беру бөлімінің әдіскері:
Бұл клубты Ұлы Жеңістің 65 жылдығына орай ашып отырмыз. Клубта 6 үйірме бар. Әр үйірме әскери-патриоттық бағытта жұмыс істейді. Бізге келетін балалардың саны 100-ден асып жығылады.

Болашақ сарбаздар мұндай клубтардың ашылуын бір ауыздан құптап отыр. Олар қару-жарақтардың тарихы мен медициналық көмек жайындағы ақпаратқа аса қызығушылық танытады.

Оқушылар:
– Әскерде қызмет ету оңай болу үшін мұндай үйірмелер өте қажет. Маған мылтықты бөлшектеп-жинау ұнады. Мұнда өзіме қажетті көп мағлұмат алдым.

-Армия бізді нағыз ер жігіт қылып тәрбиелейді. Сондықтан мұндай клубтардың болғаны дұрыс.

“Жас батырдың” жетекшілері алдағы уақытта осы тектес клубтар ашуды көздеп отыр.
“Жоспар бар, ал оның орындалуы уақыт еншісінде” дейді олар.