МТРА жаңалықтары

Аяз қысқанда құдықтар мен құбырлар жұмысында кідірістер жиіледі.

Александр Клишин, “Петропавл су” АҚ қызметкері:


Су колонкасына келіп тексереміз. Арнайы құрылғымен жылытамыз. Егер бұдан кейін де істемесе, ауыстырамыз. Бұзылғандарын қалпына келтіретін бригада бар. Бір ауысымда 25 су колонкасына дейін жібітеміз.

Бұл жұмысқа бар болғаны 15 ми
нутқа жетержетпес уақыт кетті. Ал тұрғындар болса, құдықтан су алу үшін айлап күтеді екен. Суықта қатып қалатын колонкаларды қаламыздың кезкелген ауданынан кездестіруге болады. Жыл сайын осы мәселеге тірелетін аға буын өкілдеріне тіпті қиын көрінеді.

Татьяна Бердыбаева, қала тұрғыны:

– Суға алысқа баруға тура келеді. Екі ай болды, бұл колонка жарамсыз. Балаларымыз бен немерелеріміз келіп тұрады, су көп керек. Оны тасу қиын болып тұр.

Биылғы ұзаққа созылған аяздарда көпқабатты үйлерді қамтитын құбырлар да шыдамай, сыр беретінді шығарды.
Мұндай жағдай соңғы 25 жыл бойы тіркелмеген екен.

Сергей Визиров, “Петропавл Су” АҚ бас инженері:
– Бұндай мәселеге тап болған көпқабатты 30 үйдің құбырлары жібітілді. Негізінен тұрғындар өздері кінәлі, олар қысқы маусымға қамданбаған. Алайда ауа температурасының күрт төмендеуінен ережелерге сай дайындалған құбырлардың да кейбірі суыққа төтеп бере алмай, қатып жатыр.

«Петропавл су» қолдарынан келгенін жасады. Енді колонкалардың қатып қалмауы тұрғындарға да байланысты. Суды жиі ағызып тұрса, қатып қалудан сақтауға болады дейді мамандар.