МТРА жаңалықтары

Пайғамбардың туған күні атап өтілді.

Мәуліт мерекесінің негізгі мақсаты – Мұхаммед Пайғамбардың өмірбаянын мұсылмандарға таныстыру. Аллаһтың соңғы елшісі дүниеге келген мәуліт айында орталық мешіт те осы міндетті көздеп, жамағаттың басын қосып, жиын өткізді.


Қасымхан Абдоллаұлы, Қызылжар орталық мешітінің бас имамы
-Мәуліт – туылған күн деген мағынаны береді, бұл Пайғамбарымызға ғана қатысты. Салауат айту – береке тілеу, Пайғамбарға салауат айтсаңыз, он есе сауап болады.

Мұхаммед пайғамбардың туған күні ақпанның 24-і атап өтілді. Алайда бұл мерекені мәуліт айының кез-келген күні тойлауға болады.Үлкен жиынға келген мұсылман қауым Аллаһқа мадақ, пайғамбарға салауат айтты. Салауат- қысқа да нұсқа өлең шумақтары. Онда Аллаһтың соңғы елшісінің өмірі жайында көп мәлімет беріледі. Алайда залға жиылған қауымның барлығы бірдей арабша білмейді. Сондықтан орталық мешіттің бас имамы Қасымхан қажы салауатты қазақ тілінде де оқыды. Мұхаммед – ислам дінінің негізін салушы, оған қоса білікті дипломат, пәлсапашы, шешен, заңгер және қолбасшы болған. Оның ғұмыры көпке үлгі.

Көрермендер:

-Бисмарк айтқан екен, мен Мұхаммедтің замандасы болмағаныма өкінемін, өмірде енді ондай адам тумайтын шығар деп. Оның өмірі үлгі.
-Оның кішіпейіл болғаны, туған-туысқандарының арасында, халық арасында үлгілі болғаны бәрімізге аян. Біз пайғамбардан үйренуіміз керек.

Мәуліттің негізгі міндеті- әсіресе кейінгі ұрпақ арасында Пайғамдардың өмірін насихаттау. Орталық мешіт осы жұмысты биылдан мықтап қолға алды.

Азамат Дүйсенбин, “Қызылжар” орталық мешітінің дайындық курсының шәкірті:
-Мен курста оқимын, курста біз “Сира” пәнін оқимыз. Ол пайғамбарлардың өміріне арналған, әсіресе Мұхаммед жайында көп оқимыз.

Мәулітке Омбы облысының мұсылмандары арнайы келіпті. Әнуарбек қажы бұл мейрамды көптеген елдерде қарсы алыпты. Биыл Қазақстанға жолы тұсіпті.


Әнуарбек қажы, Сібір федералдық округінің мүфтиі, Омбы облысы:
-Сіздердің облыстарыңызда қалың бұқараның қатысуымен тойланады екен. Ресейде мұндай жоқ, бірақ барлығымыз да Аллаһқа ниет білдіреміз.