Жылу шығыны неден?

МТРА жаңалықтары

4:10 4 Наурыз 2010

Ұсынылып отырған нормативті шығындар деңгейінің мерзімі үстіміздегі жылғы қазанның бірінен бастап 2012 жылғы қыркүйектің 31-іне дейінгі аралықты қамтиды. Соңғы үш жылда “Петропавл жылу желілері” серіктестігі жылу шығындарын 22,5 пайыздан 18 -ге дейін төмендетті.

Анатолий Мишин, Петропавл қалалық мәслихатының депутаты:
– Біз қазір нормативті шығындарды қарастырып отырмыз. Бұдан басқа нормативтен тыс шығындар да бар емес пе? Біз жылу қуатының 32 пайызын жоғалтып отырмыз. Сондықтан нормативті шығынды бір-екі пайызға төмендетсек, бұл біз үшін жетістік.

Көп қабатты үйлерді есептегіш қондырғылармен қамтамасыз ету қуатты үнемдеуге жол салады дейді монополист. Бірақ қондырғыларды орнату өте баяу жүруде. Оған тұтынушылардың көбі келісе бермейді. Сондықтан бұл проблема жылу таратушы кәсіпорын үшін өзекті . Тағы бір алаңдататын мәселелердің бірі – иесіз қалған жылу желілері.

Андрей Калиничев; “Петропавл жылу желілері” ЖШС директоры:
– Заңды тұлғалар тастап кеткен желілерді қалалық әкімдік өз есебіне алды. Олардың жалпы ұзындығы 20 шақырымды құрайды. Белгілі бір тұтынушылардың есебінде тұрған желілер де бар. Алайда кейбіреулері бұл желілердің өз иеліктерінде екенін мойындамайды.

Нормативті-техникалық шығындардың деңгейін төмендету үшін жылу желілерінің жағдайын жақсарту қажет. Құбырлар негізінен өткен ғасырдың 60-80 жылдары төселді, басым бөлігі ауыстыруды немесе қайта жөндеуді қажет етеді. Бұл проблемаларды ескере отырып, кәсіпорын басшылары тиісті шаралар қолданбақ.


Бұдан әрі оқыңыз

Пара алған шенеунікке сот үкімі шығарылды
«Бастау Бизнес» жобасы берген мүмкіндік
“iKomekтің” көмегіне 3 мыңға жуық адам жүгінген
Пікір жазам деп басы дауға қалды
Жерлесіміз әлемдік додада үздіктер қатарынан көрінді
Өңір басшысы Құмар Ақсақалов азаматтарды қабылдады
СҚО – көшбасшы өңірлердің қатарында
Статистиктер 2019 жылды қорытындылады
Булаев қаласының тұрғынын пойыз қағып кеткен
Қаладағы пандустар қаншалықты талапқа сай?
Медициналық ұйымдарға ақпараттық стикерлер жапсырылды
Өңірге іссапармен еңбек және әлеуметтік қорғау вице-министрі келді