МТРА жаңалықтары

Тағы бір шенеунік парамен қолға түсті.

 

 

Шенеунік бір азаматты әкімшілік жауапқа тартпаймын деп,  осы қызметін 40 мың теңгеге бағалаған. Бұл факті бойынша қаржы полициясы қылмыстық іс қозғады. Күдікті ақпанның 25-і күні  қамауға алынды. Әлі тергеу жүріп жатқандықтан бұдан басқа ақпарат берілмей отыр.  

 


  

 Қышғаныштан  қарындасын өлтірген.

 

Мағжан Жұмабаев ауданының орталығы Булаев қаласында екі бірдей адамды өлтірген қылмыскер қамауға алынды.

 

Оқиға былай болған. Омбы экономикалық институтының студенті 22 жастағы Марина екі жасар баласымен Булаевта тұратын анасына қонаққа келген. Ақпанның 25-інде жұмыстан оралған әйел қызы мен немересін үйден таппайды. Іздеу салған бейбақ  жертөледе  жатқан қызы мен немересінің мүрдесінің үстінен шығады. Қылмысқа қатысы бар деген күдікпен жәбірленушінің 30 жасар ағасы Алексей ұсталды. Тергеу барысында сезікті кінәсін бірден мойындады. Жүйке ауруына шалдыққан Алексей анасын өгей қарындасы мен оның баласынан қызғанып, жанжал үстінде қарындасы мен оның сәбиін өлтірген ол ізін жасырмақ әрекетпен олардың мүрделерін жерқоймаға тастап, қан іздерін жуған. Екі бірдей адамды өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.  

 

 

Сондай-ақ өткен аптада облыс бойынша 3 жол-көлік апаты тіркелген.

 

Оның салдарынан 2 адам қаза тауып, тағы екеуі жарақат алды. Тайынша және Мағжан Жұмабаев аудандарында машина доңғалағының астында қалған екі жаяу жүргінші мерт болған. Осы орайда жол полициясы басқармасының мамандары көлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілерге жолды қиып өтерде барынша сақ болу қажеттігін ескертеді. Ал жол полициясы инспекторлары заңсыз әрекет еткен жағдайда тұрғындар 61-25-01 және 39-42-11 телефон нөмірлеріне хабар бере алады.

 



Наурыздың екісінде  республикалық “Көктем-2010” командалық-штаб жаттығулары  басталады.

 

Жаттығу көктемгі су тасқынының алдын алуға бағытталған. Жоспарлы шаралардың барлығына мемлекеттік қызметшілер тартылмақ. Жаттығу қорытындысы бойынша апаттан құтқару қызметтерінің дайындығына баға беріледі. Солтүстік Қазақстанның аумағында өтетін жаттығуларға облыс әкімінің бірінші орынбасары Жанболат Смайылов басшылық етпек.