МТРА жаңалықтары

Антон Чехов шығармалары – мектеп сахнасында

 

 

Орыстың ұлы жазушысы Антон Павлович Чехов бірде өзінің біраз уақыт  ұмыт қалатынын, бірақ кейін туындыларының оқырманы мол болатынын айтқан екен. Драматургтың болжамы келді. Антон Чеховтың өміршең туындыларын бүгін бүкіл әлем оқиды. Петропавл қалалық бірінші жалпы білім беру лицейінің оқушылары Чехов шығармалары бойынша театрландырылған қойылым ұсынды.

Людмила Сергеева, Петропавл қалалық білінші жалпы білім беру лицейінің мұғалімі:

– Біз жыл сайын фестиваль  ұйымдастырып тұрамыз. Биылғы жыл А.П. Чеховке арналды. Биыл ұлы жазушының 150 жылдығы. Көрермен ретінде 11, 9 -сынып оқушылары жиналды. 9 сынып оқушылары келесі жылы эстафетаны қабылдайды.


Сахнада 10 сынып оқушылары.  Чехов туындылары үлкен-кішіге бірдей әсер қалдырады. Жазушы шығармашылығымен кіші сыныптардан таныс оқушылар, оның туындыларын да шабытпен сахналауда. Петр Хованский “Мерейтой” пьесасындағы банк қожайыны Андрей Андреевич Шипучиннің рөліне бірден келісіпті. Рөлінің мәтінін сан қайталады. Ойын нәтижесі күткеніндей болды. Залдағы көрермен де ойынды жақсы бағалады.  Фестиваль облыстағы орыс қоғамдастығының қолдауымен өткізілді. Әзірге қатысушылар да бірінші жалпы білім беру лицейі ғана.

Виктор Сайко, Қазақстан орыс қоғамдастығы СҚОФ төрағасы:

-Бұл әзірге төртінші фестиваліміз. Алдағы уақытта фестивальді облыстық деңгейге жеткізуді жоспарлап отырмыз.