МТРА жаңалықтары

Боди-арт – қылқалам өнері

Боди-арт – біздің өмірімізге енген жаңа өнер түрлерінің бірі. Қозғалмалы туындылар фестивальдары көпшіліктің қызығушылығын тудыратын шараға айналған. Петропавлдағы мейрамханалардың бірінде өткізілген өнер фестиваліне жиналғандар аз болмады. Тақырып еркін. Сондықтан әр суретші қиялына шек қойған жоқ. Бір туындыны салып шығу үшін 2-3 сағат уақыт керек. Бұл жолы боди-арттың қыр-сырын жаңа меңгеріп жүрген жас суретшілер келді.

Александр Зайберт, байқау ұйымдастырушысы:

– Фестиваль өткізу туралы ойды СҚМУ студенттері қозғады. Суретшілер де, дизайнерлер де, модельдер де өздері.


Тимур Давлетгиреев үшін боди-арт жаңа өнер түрі. Сұлу тәнге салынған сурет ажарланып, жас суретшіні одан сайын шабыттандырады.

Тимур Давлетгиреев, суретші:
-Боди арт – адам денесінің сұлулығы. Салынған суреттің әдемілігі . Екеуі қосылып, туындыдан да артық әсер қалтырады. Инь мен Янь, жақсылық пен жауыздық, өмір мен өлім сияқты қарама-қайшы құбылыстар. Менің туындым осы екі қайшылықтан құрылған.

Бұл күні көрермен назарына 7 туынды ұсынылды. Екі сағаттық бағдарламадан соң көрермендер жеңімпаздарды анықтады.