МТРА жаңалықтары

Сайыс қазақ тілінің жарқын болашағына арналды.

“Жарқын болашақ” олимпиадасына қатысуға облыстағы 19 мектептің оқушысы ниет етіпті, олар тіл білімі, әнші бұлбұлдар, сахна саңлақтары, өлкетану және мәнерлеп оқу аталымдары бойынша білімдері мен өнер сайысына түсті.

Ахмет Гази Чолак, дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицей-интернатының директоры:
-Біздің олимпиада бір жағынан жарыс, екіншіден, байқау болып табылады. Бұл Олимпиада қала мен облыс мектептері арасында алғаш рет өткізілуде. Олимпиада мақсаты -жастардың қазақ тіліне сүйіспеншілігін арттыру, пайдалану аясын кеңейту.

Алты жасынан сахнада жүрген Сәния Байбұлова білім мен өнер қатар сыналатын олимпиадада мектебінің намысын қорғауға сыныптас қыздармен бірге “Дударай” әнін әзірлепті.

Сәния Байбұлова, Ғ. Мүсірепов атындағы №43 орта мектеп оқушысы:
-Біз осындай олимпиадаға бірінші рет қатысып отырмыз. Біз жеңіске үлкен үміт артамыз. Мұндай байқаулар халық әндерін дамытады.


Ал мәнерлеп әңгіме оқыған Рүстем Нығметов пен құрбылары мектепшілік қойылымдарда актерлік қабілетін шыңдап жүр екен. Сол себепті қарсыластарымыздан шоқтығымыз биік болады дейді.

Рүстем Нығметов, №20 орта мектебінің оқушысы:
-Біз қойылымға көп дайыдалдық. Мектеп намысын қорға аламыз деген үміттемін.


Өлкетану мен тіл білімінен бар білген-түйгенін көрсетуге келген Айнұр Кенжаева өзінің біліміне нық сенімді. Бойжеткен облыс табиғаты туралы жоба дайындаған.

Айнұр Кенжаева, қалалық классикалық гимназия оқушысы:
-Өлкетану номинациясында еліміздің табиғи байлықтарына, тарихи ескерткіштеріне, экономикалық жетістіктеріне тоқталып кетуіміз керек.
Елге деген сүйіспеншілігімізді барынша танытуымыз қажет.

Олимпиада қорытындысы бойынша мәнерлеп оқудың үздігі болып №10 орта мектеп пен М.Жұмабаев атындағы лицей шәкірттері танылды. Ең үздік вокал аталымында қалалық классикалық гимназия және мектеп- гимназия оқушылары бірінші орынды еншіледі. Сахналық қойылымда №20 орта мектеп актерлік шеберліктерімен көзге түсті. Тіл білімінен №4 және дарынды балаларға арналған Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық гимназия-интернат қарсыластарынан озып кетті. 10 орта мектептің туған өлке туралы түсірген фильмі де лайықты бағаланды. Жеңімпаздарға грамоталар мен сыйлықтар табыс етілді.