МТРА жаңалықтары

Жақында облыста жастар мәслихаты құрылады.

 

Бүгінде облыстық мәслихаттың құрамында 35 депутат бар. Әдетте олар бас қосатын залда бүгін кілең жастар жайғасқан. Нағыз депутат болу үшін жастарға біраз тәжірибе жинақтап, өмірде көрген-білгендерінен  ой түю керек. Әзірге студенттер өздерін  жастар мәслихатында байқап көрмек.
Сәркен Нұрсаят –  № 26 және № 20 мектептер орналасқан огругтен сайланатын кандидаттың бірі. СҚМУ-дің 2 курсында білім алып жүрген студент демократиялық сайлауда жеңемін деп белді бекем буған.  Депутаттық мандатқа үміткерлердің бір де бірі бұрын-соңды сайлауға кандидат ретінде қатысып көрмеген. Өз тәжірибесімен облыстық мәслихаттың депутаты Жамал Ахметова бөлісті. Депутаттықтан үміткерлер мәслихатқа келіп, кез-келген халық қалаулысының жұмысымен таныса алады. Кейін қоғамдық бірлестік ретінде құрылатын ұйымның депутаттары нағыз халық қалаулыларына көмекші ретінде қызмет атқармақ.