МТРА жаңалықтары

Ұлттық университет білімді жастарды іріктеуде.

 

 

Мықтының мықтысын анықтайтын  бұл білім додасына былтыр   облыстан 150-ге жуық оқушы шыққан еді, биыл олардың қатары 3 еседей артып отыр.  Биылғы олимпиадаға қалалық  жеткіншектермен қатар Аққайың, Ғ.Мүсірепов аудандарының оқушылары да белсене атсалысуда.

Кенжетай Күркебаев, филология ғылымдарының кандидаты:
-Интеллектуалдық капиталды өсіру үшін олимпиада ұйымдастырып отырмыз. Көптеген жеңілдіктер бар. Жоғары балл жинағандар ЖОО ректорының университет ішіндегі грантына ие бола алады. Біздің оқу орнымыз әлемдік білім жүйесіне енді.

Ғылымға  бейім жастардың білімі 14 пәннен тест бойынша сыналады.    2 сағаттай уақытта барлық сұрақтарға дұрыс  жауап беріп үлгеру керек.   

 

Қазбек Шөпшібаев, биология ғылымдарының кандидаты:
– Бұл білім сайысының жастарға берер пайдасы зор. Себебі ҰБТ өткеннен кейін ұпайлары теңесіп қалған талапкерлер арасында грантты бөлу кезінде олимпиадаға қатысқандардың мүмкіндігі молырақ болады. Білім сайысында аса ерекшеленген жастар үшін қосымша гранттар бөлінеді.

 Білім сертификатымен марапатталған оқушылар  ҚазҰУ студенттерінің қатарын толықтырады.  Бүгін таңертең 280 оқушы сынақтан өтті. Жастар олимпиаданың маңыздылығын жақсы түсінеді және берілген мүмкіндіктен қағылып қалмауға тырысамыз дейді.


Әйгерім Нүрибекова,  Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернат оқушысы:
-Алдыңғы жылы көп оқушыларымыз грантқа ие болған болатын. Біз де грант аламыз деп үміт артып отырмыз.

Күнсұлу Шаймерденова,  ӘбуДосмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернат  оқушысы:
-Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ  – ең жоғары оқу орны. Сондықтан сол ЖОО таңдадым. Ағылшын тілін таңдадым. Халықаралық қарым-қатынас саласында еңбек еткім келеді. Сертификатқа ие боламын деп үміттенемін.


Сыннан сүрінбей өткендердің есімдері ҚазҰУ сайтында жарияланады .