МТРА жаңалықтары

Қызылжар ауданының озат ұстаздары туралы жинақ шықты.

Қызылжар ауданының мектептерінде еңбек етіп жүрген ұстаздардың 90 пайызы нәзік жандар. Ауданда тұңғыш рет жарық көрген “Қалдырған ізің мәңгілік” атты жинаққа білім беру саласына еңбегі сіңген қызметкерлер мен саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнаған ардагер ұстаздар туралы мәліметтер еніпті. Ұрпақ тәрбиешілеріне арналған осындай басылымды алдағы уақытта да шығарамыз дейді білім бөліміндегілер.

Күлзи Бисары қырық жылын мұғалімдікке арнаған. Тәжірибелі педагог “Мұғалім өз ісіне деген сүйіспеншілікті оқушыға деген сүйіспеншілікпен ұштастыра алғанда ғана нағыз ұстаз болмақ”, – дейді. Қызылжар ауданының білім беру саласында бір мыңнан астам адам жұмыс істейді. Өткен жылы ҰБТ-де түлектер орташа есеппен 83 балл жинаған. 

Сөйтіп, барлық аудандар арасында Қызылжар бірінші орынға тұрақтады. Бұл – ұстаздар еңбегінің жемісі. Үстіміздегі жылдың басты міндеті осыдан төмендемеу дейді мұғалімдер. Парасат-пайымы биік, бәсекеге қабілетті, жан-жақты тұлға қалыптастыру жолында аянбай еңбек етіп жүрген педагогикалық еңбек озаттарын аудан әкімі Қайрат Пішенбаев құттықтады.