МТРА жаңалықтары

Спирттік ішімдіктердің маркалары жаңартылады.

Алкоголь өнімдерінің есеп-бақылау маркілері 2004 жылы енгізіліп, 2007 жылы өзгертілген екен. Енді биыл тағы да жаңартылмақ. Бұған қатысты қаулы өткен жылдың желтоқсанында күшіне енген.

Аслан Ілиясов, Салық Комитетінің СҚО бойынша департаментінің жетекші маманы:
-Есеп- бақылау маркілерін өзгертудің мақсаты – акциз салықтарының түсімі толық болады. Және жалған өнімдерден сақтандыруға байланысты маркілер жаңартылып отыр.

Үстіміздегі жылдың бірінші сәуірінен жаңа маркілерді тауар өндірушілер мен импорттаушылар енгізулері тиіс. Ал бірінші желтоқсаннан бұл өзгертулерді орындау көтерме-бөлшек сауда саласына да міндетті болмақ. Сөйтіп, өнімдерін көтерме-бөлшек саудаға шығаратын тұлғалар ескі маркілермен таңбаланған алкоголь өнімдерін белгіленген уақытқа дейін өткізіп үлгерулері тиіс.   2010 жылдың бірінші желтоқсанынан бұл өнімдерді сатуға тыйым салынады. Аталған өзгертулер еліміздің салық заңнамасын жетілдірудегі тағы бір қадам болып отыр. Мамандар салық Кодексінің Кеден Одағының талаптарына сай болуы керектігін айтады.

Сәуле Мүсілімова, Салық Комитетінің СҚО бойынша департаментінің басқарма бастығы:

 

-Шілденің бірінен заңнамаға өзгертулер енгізіледі. Бұл өзгерістер Кеден Одағының талаптарына сәйкес келмек. 2011 жылдың бірінші шілдесіне дейін Кеден Одағын кірген барлық елдер өз салық заңнамасының аясында жұмыс істейді. Ал кейін бірыңғай Салық Кодексі күшіне енеді.