МТРА жаңалықтары

Питомникте майшабақтарға жайлы жағдай жасалған.

Облысымыздың өзен-көлдеріне балықтың бұл түрі 1934-ші жылы алғаш рет жіберілген екен. Бүгінде жергілікті жағдайға  бейімделіп, көп таралған. Дегенмен қамқорлықты қажет етеді. Қазір  ұрықтар 8 литрлік  қондырғыларда. Уылдырықтың дұрыс өсіп жетілуі үшін  оттегі мен таза су қажет. Қондырғының көмегімен ауа да, су да үздіксіз жеткізіліп тұрады. Арнайы насос олардың тіршілігіне қажетті айналым процесін бір сәтке де тоқтатпайды.  Инкубациялық цех та жақсы жабдықталуы тиіс. Себебі бұл балықтың шабақтары  ұзақ дамып жетіледі. Жарық пен жылуды да белгілі мөлшерде беріп отыру керек. 2 жылдан бері ұрықтан майшабақ пайда болғанша температураны реттеу, суды тазартумен Рустам Жанабаев айналысады.

Рустам Жанабаев, Петропавл қалалық балық питомнигінің қызметкері:
-Уылдырық үнемі қозғалыста болуы керек. Көбіне салмақтары бірдейлері бір жерде жиналып қалады. Бұндай тоқтау үзаққа созылса, еңбегің зая кетті деген сөз. Ол үшін әрдайым бақылап былғап отырамыз. Ыдыстың таза болуы да өте маңызды. Тынымсыз  еңбектеніп, әрдайым қадағалауды талап ететін жауапты жұмыс.

Питомникте сиг тұқымдас балықтың ғана 93 млн. астам  уылдырығы бар. Келесі жылы олардың санын  100 млн.-ға жеткізу жоспарланып отыр.  Бұл жерде  балықтың басқа да   түрлері өсіп жетіледі. Майшабақтар  мамыр айынан облыс көлдеріне жіберіледі.