МТРА жаңалықтары

Мұрағат қоры сандық форматқа көшіріледі.

 

 

Біздің облыста 15 мұрағат жұмыс істейді. Оларда  1 миллионнан астам құжат сақталған. Өткен жылы 32 мың құжат қабылданды, бұл 2008 жылмен салыстырғанда 10 пайызға көп. Бұл біздің құжаттық тарихымыз деп атап өтті Рустам Бикенев. Оны сапалы сақтаудың маңызы зор. Бұл ретте  сандық форматқа көшетін кез келген сияқты.

Рустам Бикенев, СҚО мұрағаттар және құжаттамалар басқармасының бастығы:
 – Біз облыс мұрағаттарындағы құжаттарды электрондық жүйеге көшіруіміз қажет. Барлығын сканер арқылы өткізу- ауқымды жұмыс. Бірақ біз онымен айналыса бастадық. Алдағы екі жылдың ішінде сандық форматқа толық көшеміз. Бұл ең алдымен құжаттарды іздеуді  жеңілдетуге бағытталған.

Өткен жылы “Жол картасының” аясында мектеп, аурухана, мәдениет үйлері жөнделді. Бұл тізімге бір де бір мұрағат мекемесі кірмеген-ді. Солтүстік Қазақстан облысы елімізде алғашқы болып биыл бұл салаға қаржы бөлмекші.  Барлығы 64 миллион теңге. Оның негізгі бөлігі  облыстық  мұрағатты жөндеуге жұмсалады. Шал ақын ауданының мұрағатына да қаржы табылыпты.

Бекет Жүсіпов, Шал ақын аудандық мұрағатының директоры:
-Біздің мұрағат «Жол картасы» бойынша жөндеуге жоспарға кіргізілген. 12 миллион теңге ақша бөлінді облыс әкімінің көмегімен. Біздің мұрағат 60-шы жылдары салынған, төбесінен су ағып, іші бәрі нашар еді.  

Мұрағаттаршылар  барлық құжаттарды арнайы мекемеде сақтаған дұрыс емес деп есептейді. Әр ұйымның ведомстволық мұрағаты болғаны жөн. Өткен жылы осындай 85 мекеме ашылды. Алайда, бұл аздық етеді.


Алтынай Жүсіпова,СҚО мұрағаттар және құжаттамалар басқармасының бөлім бастығы:
Жамбыл, Тайынша, М.Жұмабаев аудандарында  мәслихаттар аппараттарында  мұрағат жоқ. Осы мекемелерден бастап ашу керек деп ойлаймын.

Осы ретте жылжымайтын мүлік орталығының жұмысы көпке үлгі. Орталықтың мұрағаты 2009 жылы облыста ең үздік  атанды.  Мұнда жүз мыңнан астам іс  сақталған. Алқа мәжілісінен кейін мұрағат ісінің өкілдері осы орталықтың жұмысымен танысты.