МТРА жаңалықтары

Үгіт топтары темекі мен ішімдіктен аулақ болуға шақырады.

 

 

Мәліметтерге жүгінсек, жасөспірімдердің 74 пайызы темекінің көк түтіні мен алкогольдің ащы дәмін татып көрген. 14 пайызы есірткіге бой алдырған. Ал спортпен айналысатындары 25 процентке жетер-жетпес. Бұл ақпарат құлаққа жағымды болмағанымен, өмір шындығы. Бүгінгі сахна төріне шыққан белсенді оқушылар жолдан тайған құрбы-құрдастарын  зиянды әдеттерден аулақ болуға шақырды.

Мәдина Әшімова, қалалық классикалық гимназияның оқушысы:
Спорт, денсаулық, білім,үміт  осы нашақорлықты жеңетіндігін айтып, балалардың көзін ашқымыз келеді. Біз зиянды әдеттерден аулақпыз, біз салауатты өмір салтын қолдаймыз.

 Жастар бұқаралық спортты дамыту керек дейді. Салауатты өмір салтын ұстанып жүргендер өз білгендерін ортаға салды.
Білім
мен қаруланып,  өнер мен спортты сенімді серіктеріне айналдырған үгітшілер тобы құрдастары  бойларын нашақорлық пен маскүнемдіктен аулақ ұстауы үшін түрлі әдістерді қолданды. Ұйымдастырушылардың да күткені осы.

З
әмзагүл Қарманова, Петропавл қалалық білім беру бөлімінің әдіскері:
 Тәуелсіз елімізді 50 елдің қатарына кіргізетін жас ұрпақ. Біз белсенді жастарды осыған үйретіп жатырмыз.

Бұл сайыстың өз талаптары бар. Әр ұжым мектебінде атқарылып жатқан игі істерді паш етіп, тиісті бағасын алады.

Зәуреш Шәкенова, қазылар алқасының мүшесі:
Үгіт бригадасының талпынысына көңіл аударылады. Мазмұны қызықты болуы тиіс және әлеуметтік мәселелерді қозғай білулері керек.

Бұл
фестивалдің екінші кезеңі. Келесі кезеңде оқушыларға эмблема ойлап табу керек. Кейін наурыздың екінші онкүндігінде үздік үгіт топтары қорытынды сында кездеседі.