МТРА жаңалықтары

Жарыс жолында – жасөспірім шаңғышылар.

Жыл сайынғы дәстүрге айналған президенттік көпсайысқа 9 аудан мен бір қалалық команда қатысуда. Жарыстың бірінші айналымында жастар ату мен күш гимнастикасынан сынға түскен болатын. Енді шаңғы тебуден үздіктер анықталуда.

Балта Айтмағанбетов, Кішкенекөл №1 орта мектебінің дене тәрбиесі мұғалімі:


– Жаттығулары жақсы, жаман деп айта алмаймын, Біз Уалиханов ауданынан келіп отырмыз.Әкелген балалардың деңгейі жақсы. Күннің суығына қарамастан қатысуда.


Бірінші кезеңде намысын абыройлы қорғап шыққан Алтынбек Ахметжанов әзірге ІІ орында келеді. Бозбаланың шаңғымен әуестеніп жүргеніне 2 жыл.


Алтынбек Ахметжанов, Петровка орта мектебінің оқушысы, Есіл ауданы:

– Жарысқа екі ай бойы дайындалдым. Жаттығу кезінде жақсы деңгейге жеттім. Жеңемін деп ойлаймын.


15 минут 38 секунд ішінде 2 шақырымды жүріп өткен бойжеткен Әсел Дастанбекова орта буындағылардың қатарын толықтырды.

Әсел Дастанбекова, қазақ мектеп-гимназиясының оқушысы,Петропавл қаласы:


– Спортпен айналысқанды өте жақсы көремін. Спортқа қатыссаң, денсаулығың мықты болады. Салауатты өмір салтын ұстанатын адамдарды қатты сыйлаймын.


Бұл жарыста жүлделі орындарды Петропавл қаласы, Аққайың және Есіл аудандарының шаңғышылары бөлісті.