МТРА жаңалықтары

Ұлы Жеңістің 65 жылдығы қарсаңында бір де бір соғыс ардагері ескерусіз қалмауы тиіс.

 

 

Өңірлерге шыққан ақпараттық топ мүшелері елдің экономикасы дамыған сайын әлеуметтік сала үлкен қолдауға ие болып отыр дейді. Оған аталған салаға құйылып жатқан қомақты қаражат дәлел.

Біржан Нұрымбетов, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі:

 

– 2009 жылы әлеуметтік көмекке 813 млрд теңге бөлінді. 2010 жылы 922 млрд теңге қарастырылған. Ал 2011 жылы бұл сома 1 триллион 26 млн теңгені құрамақ.

Әлемдік қаржы дағдарысына қарсы қолға алынған “Жол картасы” бағдарламасы талай сыннан өтіп, өзгеге үлгі болар бастамаға айналды. Бағдарлама екінші жылға ұзартылып, еліміздегі жұмыссыздық мәселесін шешуде үлкен рөл атқарып отыр.


Біржан Нұрымбетов, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі:


 -248 мың адам еңбекпен қамтылды. 150 мың адам жастар практикасы бойынша жұмыс тапты. Биыл да бағдарлама жалғасады. 100 млрд теңге бөлініп отыр. Жұмыс орындары ашылады. 53 мың адам жастар практикасы бойынша жұмысты болады.

Елімізде  530 мыңнан астам жұмыссыз тіркелген. Олардың көпшілігінің біліктіліктері жоқ. Сондықтан қайта даярлау курстарынан  өтулері керек. Дүниеге келген әр балаға төленететін жәрдемақы көлемі де артуда. Жеңіс мерекесінің 65 жылдығы қарсаңында соғыс ардагерлері  және  мүгедектерімен қатар  оларға  теңестірілгендерге, соғыста қаза тапқан майдангерлердің  жесірлеріне, тыл еңбеккерлеріне материалдық қолдау қарастырылған. Вице-министр осы тізімдерді жасауда ыждахаттылықты , ешкімнің ұмыт қалмауын талап етті. Тыл еңбеккерлерін тіркеуде елімізде әлі бірізділік жоқ. 1938-39 жылы туғандар өздерін тың еңбеккерлері қатарына қосуды сұрайды. Вице-министр бұл өтінішті  қаперіне алды. Жиналғандар зиянды өндіріске жататын мамандықтар тізімін қайта қарайтын уақыт жеткенін айтады.  Биылғы жылдан  бастап алты бала өсірген аналар “Күміс алқа” иегері  атана алады. Бірақ есейіп көз жұмған балалар санатқа кірмейді. Заңдағы бұл өзгеріспен вице-министрдің өзі де келіспейді.
 

Біржан Нұрымбетов, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі:

 

Қарапайым азамат ретінде мен өз басым наразымын. 85тегі әжейдің балаларының біреуі 60-65 жаста қайтыс болды екен. Осыны көре тұра,  қартқа 8,5 мың теңгесі мен белгіні бермеу ақылға сыймайды.


Вице-министрге қойылған сауалдар көп. Біржан Бидайбекұлы барлығы бойынша министрлікте шара қолданылатынын айтты.