МТРА жаңалықтары

Валерий Мерцалов – 60 жаста.

Валерий Мерцалов Челябі өңірінің тумасы. Өзінің еңбек жолын зауытта ұста болып бастаған екен. Мұғалімдік қызмет те оған жат емес. Алайда оның бүкіл өмірі журналистикамен тығыз байланысты болды.


Серік Біләлов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:


-Валерий Мерцалов еңбек жолын аудандық газеттерде бастады. Соңғы 16 жыл бойы республикалық “Казахстанская правда” газетінің тілшісі болып қызмет атқарып жүр. Қарымды материалдары баспасөзге әрдайым шығады. Креативті ой- қабілетімен танылған Валерий Александрович облысымыздың нағыз патриоты.

Валерий Мерцалов 60 жасты алқымдап отыр. Өңір басшысы мерейтой иесіне Құрмет грамотасын табыс етті. Ал баспананың кілті туған күн иесіне күтпеген сыйлық болды.

Валерий Мерцалов, “Казахстанская правда” газетінің меншікті тілшісі:

-Мен қазір ең алдымен жаңа үйді көруге асықпын. Менде енді шығармашылық қызмет жасауға барлық жағдай пайда болды. Өзімнің алғысымды қалай білдірерімді білмеймін. Тіл майталманы болсам да сөз таба алмай тұрмын.