МТРА жаңалықтары

Тәртіп сақшылары вице-министрмен кездесті.

Елбасы биылғы жолдауында құқық қорғау жүйесін реформалау қажеттігін айтты. Аталған органда мөлдірлік пен бақылаудың жоқтығы туындаған проблемалардан айқын көрінеді деді. Бұрынғы жүйенің көптеген кемшіліктерін сақтап қалған секторды қалай жаңалауға болады. Жергілікті полицейлермен кездескен Ішкі істер министрінің орынбасары, генерал-майор Александр Кулинич қоғамдық жұмыстарды қолға алу қажеттігін айтты.


Александр Кулинич, ҚР Ішкі істер вице-министрі:


-Алдағы уақытта құқық қорғау жүйесін реформалап, оның сапасын жақсартып, жетілдіру керек. Қылмыстық іс бойынша аса ауыр емес заң бұзушылық болса, кешірімділікпен қарауымыз керек. Бұл әсіресе нәзік жандар мен жасөспірімдерге қатысты. Оларды қоғамдық жұмысқа тартып, оңалуларына жағдай жасауға тиіспіз.

Елімізде жаза басқанды жазалаудың негізгі түрі бас бостандығынан айыру болып қалып отыр. Ешкім қамау орындарынан шыққандарды оңалтумен айналыспайды. Осының салдарынан қылмыскерлердің қатары толығуда. Заңдарды ізгілендіру керек. Қылмыстарды ашуды жүйеге салу да назардан тыс қалған жоқ. Өткен жылы елімізде кәмелеттік жасқа толмағандар жасаған 5000-ға жуық қылмыстық іс тіркеліпті. Тығырықтан шығу үшін шетелдердің озық тәжірбиесіне сүйенген жөн дейді Александр Кулич.