МТРА жаңалықтары

Ұлы Жеңістің 65 жылдығына орай әрбір соғыс ардагері 93 мың теңге көлемінде сыйақы алады

Біздің облыста Ұлы Отан соғысына қатысқан 860 ардагер қалды. Ақсақалдарымыз күн санап азайып барады. Оларды әрдайым құрметтеу- жалпыхалықтық іс. Оған қоса ұлы Жеңістің 65 жылдығы да алыс емес. Сондықтан Елбасы биылғы жолдауында ардагерлерді айрықша қамқорлыққа алу қажеттігін атап айтты. 65 мың теңге көлемінде бір жолғы сыйақы төлетіні – ақсақалдарды бір қуантып тастады. Материалдық көмекке республикалық бюджеттен 305 миллион теңге бағытталды. Облыс қазынасынан да қомақта сома бөлінбекші.

Алма Дүйсенова, СҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бас маманы:

-65 мың – республикалық бюджеттен,, 28 мың облыстан бөлінеді, сондай-ақ 18 млн теміржол, әуе жолымен жеңілдікпен жүруге бөлінді.

Ардагерлердің ең жасы бүгінгі күні орта есеппен 83-те екен. Мұндай жаста кескілескен ұрысқа қатысып, Берлинге дейін барған қарияның денсаулығы сыр бермей қоймайды. Оларға бүгінгі таңда емделу аса қажет.


Алма Дүйсенова, СҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бас маманы:

-21 млн санаторлық-курорттық емдеуге бөлінген.Ақпан айында «Солнечныйда» 46 адам, оның ішінде 12 ардагер дем алды. 9 мамырға дейін 400 адам өтеді.

Ұлы Жеңіс күні қарсаңында 32 ардагер жаңа баспанаға ие болмақ. Облыс басшылығы осындай шешім қабылдады.

Серік Біләлов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

-Ұлы Жеңіс мерекесіне орай Петропавл қаласында кезекте тұрған 32 ардагер пәтерге ие болады. Жергілікті жерлерде баспана мәселесін аудан әкімдері де шешуі қажет. Мен оларға осындай тапсырма бердім.

Тылда еңбек еткен ағайын да ұмыт қалған жоқ. Біздің облыста 22 мың тыл еңбеккері бар. Оларға 10 мың теңге шамасында сыйақы төленбекші.