Мандат

Фархад Ахметов: Қоныс аударушыларға жалға берілетін үйді жекешелендіруге мүмкіндік беру керек

Фархад Ахметов — Уәлиханов аудандық мәслихатының депутаты. №7 округтен сайланған. Фархад Намикұлы Кішкенекөл ауылындағы жалғыз қазақ мектебінде Қазақстан тарихы пәнінен сабақ береді. Өзі — Уәлиханов ауданының тумасы, сол жерде өсіп-өнген, сол себепті, ауылды жердің тыныс-тіршілігін жақсы біледі. Депутат «Мандат» бағдарламасында ауылдағы халықтың қалаға қарай үдере көшуінің негізгі себептерін атады. Олар: жұмыссыздық, жолдың нашарлығы, білім саласы мен медицина мамандарының жетіспеушілігі. Фархад Намикұлының айтуынша ішкі миграцияны реттеуде сеп болатын түрлі мемлекеттік бағдарламалар бар, бірақ соларға өзгеріс қажет. Халық қалаулысы «Ауыл аманатында» кепілдік мүлік мәселесін, ал «Димпломмен — ауылға» бағдарламасында жас мамандарды қолдауды арттыру жағын қарастыру қажет деп санайды. Уәлиханов ауданына өткен жылы оңтүстік өңірлерден 41 отбасы көшіп келсе, соның 3-еуі өз өңірлеріне қайта кетіп қалған. Халық қалаулысы қоныс аударушылардың өңірде тұрақтап қалуына ықпал ететін қолдауды арттыру бойынша өз ұсыныстарын білдірді.