Мандат

Қызылжар ауданында көшелерді жарықтандыру, ауыз су тарту жұмыстары қызу жүргізілуде

«Мандат» бағдарламасының кезекті қонағы — аудандық мәслихат депутаты Жанат Елеусізов осылай деді. Қазір ауданда 13 депутат бар. Оның жартысына жуығы — жастар. Халық қалаулыларының тындырған тірліктері әлеуметтік желіде жарияланып тұрады екен. Бұл азаматтардың қатысуымен сессияларда мәдениет, спорт, әлеуметтік салаларға қатысты мәселелер көтерілген. Бөлінген бюджет қаржысын бақылау жұмыстары да жүргізілуде. Ауданға биыл 613 млн теңге беріліпті. Бұл қаражатқа жолдар салынып, абаттандыру жұмыстары атқарылуда. Ойын алаңқайлары да салынып жатыр. Жалпы, Қызылжар ауданындағы басты мәселелердің бірі — Соколовка ауылына су тарту ісі қазір Үкіметте қаралып жатыр.