Мандат

«Мандат» бағдарламасының кезекті қонағы — ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Анас Баққожаев

«Ауыл» ХДПП фракциясының жетекшісі өңірімізге жұмыс сапарымен келіп кетті. Ондағы мақсаты — облыстағы су шаруашылығын дамыту бағытындағы жұмыстармен, сондай-ақ, өзекті проблемалармен танысу. Жиналған ұсыныстарды депутат алдағы сессияда ортаға тастамақ. Соңғы жылдары аграрийлерді қуаңшылық қысып, астықтың өнімділігі жоғарыламауда. «Бұл мәселені шешудің бірден-бір жолы — суармалы жүйені дамыту»,- дейді азамат. Айта кетейік, қазіргі таңда бұл технология өңіріміздегі 4 мың гектар жерде қолданылуда.

АНАС БАҚҚОЖАЕВ, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ауыл» ХДПП фракциясының жетекшісі:

— Бізде әжептәуір су көздері бар. Оның карталарын халық біле қоймайды. Ол -сонау 80-ші жылдары геологиялық зерттеулер негізінде жасалған карта. Оны жаңарту қажет. Бірақ, өз ойым — бұл карта әлі өз өзектілігін жоғалтпады. Қазір көп адам «Мұны мемлекет құпия ұстамауы қажет, шаруалар өз жерлерінің астындағы қандай су көздері барын білулері керек»,- дейді. Сол арқылы егіншілікке пайдаланатын су көздерін ашу керек»,- деуде. Мұнымен мен де келісемін. Осы мәселені алдағы уақытта қозғаймын.