Общество

Петропавлда 7 мың адам мүлік салығын төлемеген

Мемлекет кірістер комитетінің хабарлауынша, елімізде 1,8 млн-ға жуық меншік иесі салығын әлі төлемеген. Жалпы сома 1 млрд теңгені құрайды. Ал өңірге келетін болсақ, облыс орталығында 81 мыңнан астам салық төлеушінің 7 мыңы тиісті төлем аудармаған. Қарыз көлемі — 14 млн теңге. Естеріңізге сала кетейік, мүлік салығын төлеу мерзімі қазанның 1-інде аяқталады. 2-сі күні қарыздары барларға хабарлама келеді. Ал 30 жұмыс күні өткен соң салықты мәжбүрлеп алу туралы бұйрық жіберіледі дейді мамандар. Қалалық мемлекеттік кірістер басқармасының өкілдері қыркүйектің 17-сінен мүлік салығы бойынша таңғы сағат 9-дан түскі 13:00-ге дейін азаматтарды қабылдайтынын хабарлайды. Тұрғындар өз сұрақтарына жауап алу үшін Сүтішев көшесіндегі 56А мекен-жайы бойынша орналасқан нысан қызметкерлеріне жүгіне алады.

Самал Жунусова