Без категории

«Коконың құпиялары» анимациялық фильмінің қазақ тілінде тұсауы кесілді

Шаһар тұрғынары мен кішкентай бүлдіршіндердің назарына бұл туынды қазақ тіліндегі сапалы дубляжда ұсынылды. Мультфильм барысында кішкентай балақай бақилық болған адамадардың әлеміне тап болып, о дүниеге аттанған ата-бабаларымен кездеседі. Бір уақытта таңғажайып, әрі қорқынышты әлемде бас кейіпкерді қызықты оқиғалар күтеді. Туынды комедия мен драма жанрларының ұтымды үйлесімінен тұрады. Музыкаға ерекше мән берілген. Айта кетейік, әлемдік кинемотография туындыларын ана тілімізде тамашалауға мүмкіндік беретін игі жобаны 2011 жылы «Болашақ» корпоративті қоры»Дисней» және «Меломан» компанияларымен бірлесіп бастаған болатын. Қазіргі таңда бұл бастама жемісті жүзеге асуда. «Коконың құпиясы» анимациялық туындыны мемлекеттік тілде көруге келгендер қордың бұндай шараларын қолдап отыр.

Абылайхан Қайроллаев — «Жас Отан» ЖҚ СҚОФ төрағасы:

— Жастар қанаты бұл бастаманы қолдайды, себебі бұл жастардың қазақ тіліне деген қызығушылықтарын арттырып, қарапайым қазақ балаларына әлемдік туындыларды ана тілінде көруге мүмкіндік береді.

Саят Ермек