Без категории

V Азия чемпионы Данияр Кәленовке Петропавл қаласынан бір бөлмелі пәтер берілді

Рамазан Кәленов — Дания Кәленовтің әкесі:


— Менің атам Кәлен Қосшығұлов Ақмола облысында атақты түйе палуан болған. Менің ұлым да атамның жолын қуса деймін.

Осы сәтті грек-рим күресінен Азия чемпионы Данияр Кәленов көптен күтті. Анасы Айнагүлге баспаналы болғысы келетінін талай рет айтып жүрген. Биыл арманы орындалды. Жергілікті билік Данияр Кәленовке 20-шы мөлтек ауданындағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінен бір бөлмелі пәтер берді. Туысқандарының қуанышында шек жоқ. Айнагүл Кәленова баласының еңбегі тиісті дәрежеде бағаланды деп есептейді.

Айнагүл Кәленова — Дания Кәленовтің анасы:


— Облыс әкімдігіне, спорт басқармасына және Данияр баламның жеке бапкері Қонысбек Түгеновке алғысымды айтамын. Енді осы үйге келін түсіруге жазсын.

Қазіргі таңда Данияр көпке үлгі. Онымен ағасы мен қарындасы да мақтанады. Айтпақшы олар да спортқа бет бұрған.

Берік Қасен