Без категории

Оқушылар зерттеуі

Мадина Сайдаева- бірінші қалалық жалпы білім беретін лицейдің 10 сынып оқушысы

— Біз шығармадағы іс- қимылды зерттей отыра, гибрид кейіпкерлердің образы туындыға жай енгізілмейтіндігі анықталды. Автор олар арқылы қоғамдағы туындаған бір проблеманы көрсеткісі келеді. Мысалы, Булгаков өз шығармасында Шарикті өзгертіп, оны сол кездегі революциямен байланыстырған. Өйткені оны адамдар өз қолдарымен жасап шығарған. Соны ол жасырын түрде жазып, көрсеткен.

Жалпы қыздармен жұмыс жасау қызықты болды дейді жоба жетекшісі. Ең бастысы оған тақырып қою қиынға соққан. Десе де, алғыр оқушылар ағылшын мен грек сөздерін қосып, анималоморфоз атты атауды берген.

Любовь Строкина- жоба жетекшісі

— Осындай шығармалар аса көп болмаса да, олардағы басты ойды тек дұрыстап оқып, зерттеу арқылы ғана түсінуге болады. Біз «Кафка», «Человек амфибия», «Собачье сердце» сынды шығармаларды қарастырдық. Ең бастысы кітап оқырмандары неліктен авторлардың мұндай әдісті қолданатындығын түсінгені жөн.

Жұмыстарын оқушылар 18 желтоқсанда облыстық жобалар байқауында қорғайтын болады.

Магжан Ахмадина.