Петропавлда кикбоксингтен Қазақстан кубогі аяқталды. Үш күн бойы өткен турнирдің қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте Солтүстік Қазақстан облысының құрамасы 1-ші орынға ие болды. Спортшылар өңір қоржынына 8 алтын медаль салды. Екінші орын Астана құрамасына бұйырса, үздік үштікті қостанайлық кикбоксшылар тұйықтады. Айта кетейік, жарыс халықаралық дәрежедегі спорт шебері Азамат Нұрпейісовтің құрметіне арналып ұйымдастырылды. Шаршы алаңда еліміздің 10 облысынан келген 100-ден астам спортшы бақ пен бап сынады.
Сандугаш Кайырбек