Заң

СҚО-да бағалы шаянды ұрлағандар бас бостандығынан айырылды

Солтүстік Қазақстан облысында бағалы шаян ұрлағандар бас бостандығынан айырылды. Өткен жылдың шілдесінде Ақмола облысының қос тұрғыны Тайынша ауданындағы көлдердің біріне келіп, 300 келіден астам артемияның жұмыртқасын өндірген. Осылайша мемлекетке 6 миллион теңгеге жуық шығын келтірген. Заңға қайшы әрекетке түн ішінде барғандарды полиция қызметкерлері ұстады. Сот талқылауы барысында күдіктілер өз кінәларын мойындап, жасаған қылмыстарына өкініп, шығынды толығымен өтеді. Дегенмен, олар жазадан құтыла алмады. Айып тағылған тұлғалардың әрқайсысы 1 жылға бас бостандығынан айрылды. Үкім заңды күшіне енді.

Байболат Култанов