Заң

Петропавлда жол-көлік оқиғасы салдарынан жолаушы көз жұмды

Жол-көлік оқиғасы адам шығынына әкелді! Сенбі күні түске таман Петропавлдағы Уәлиханов пен Гашек көшелерінің қиылысында ВАЗ-2111 және Audi A6 автокөліктері соқтығысты. Салдарынан медициналық мекемелерге түрлі жарақаттармен 4 адам жеткізілді. Олар: 2 жолаушы, жүргізуші және жаяу жүргінші. Өкінішке қарай, ауыр соққының салдарынан 50 жастағы жолаушы ауруханада көз жұмды. Қазіргі таңда апатқа байланысты тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Аружан Султанова