Спорт

“Құлагер” ХК сырт алаңда павлодарлық “Ертісті” ойсырата жеңді

Демалыс күндері хоккейден Қазақстан чемпионатының 29-30-шы тур ойындары өтті. Оның аясында теріскейлік “Құлагер” хоккей клубы павлодарлық “Ертіске” қонаққа барды. Солтүстікқазақтандық команда ойын фавориті саналды. Себебі, алаң иелері турнирлік кестеде соңғы орында тұр. 2 ұпай ғана еншілеген. Жерлестеріміз қос ойын да қарсыласын ойсырата жеңді. Матчтарда 1 де 10, 2 де 7 есептері тіркелді. Қазіргі таңда “Құлагер” хоккей клубы кестеде 39 ұпаймен 5-ші орында тұр. Келесі ойынын 27-ші қараша күні үйде өткізеді. Қарсылас – батысқазақстандық “Ақтөбе” командасы.

Нурасыл Ахмет