Қоғам

Болат Базарбаев: “Конституцияда бірлік пен ынтымақ елдің негізгі құндылықтары ретінде айқындалған

Қазақстанда 130-дан астам ұлт өкілі тұрады. Олардың барлығы бір шаңырақ астында өмір сүріп, елді дамыту жолында еңбек етуде. Сондықтан этносаралық татулық мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі болып саналады. Конституцияның Преамбуласында бірлік пен ынтымақ елдің негізгі құндылықтары ретінде айқындалған. “Қоғамдық келісім” мекемесі басшысының орынбасары Болат Базарбаевтың сөзінше, Ата заң әр ұлт өкіліне өзінің ұлттық болмысын сақтауға, ана тілінде сөйлеуге, төл мәдениеті мен салт-дәстүрін еркін ұстануға мүмкіндік береді.

БОЛАТ БАЗАРБАЕВ, “Қоғамдық келісім” КММ басшысының орынбасары:
– “36-бапта әр адам ел Конституциясы мен заңнамасын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, ар-намысы мен қадiр-қасиетiн құрметтеуге мiндеттi деп жазылған. Ал 41-бапта этносаралық және конфессияаралық татулықты бұзуға алып келетін әрекет конституциялық емес деп танылады деп тайға таңба басқандай көрсетілген. Ата заңымыз халық арасындағы қарым-қатынасты нығайтады деп ойлаймын. Біз әлі жұмыла отырып, зор жетістіктерге қол жеткіземіз. Бірлігі бекем елдің ғана экономикасы дамиды”.

Нурасыл Ахмет