Суға батып бара жатқан жерінен құтқарған. Бұл оқиға үш жыл бұрын Петропавлда болды. Патрульдік полиция батальонының инспекторы Олег Головин Есіл өзеніне түсіп кеткен әйелді ажалдан арашалап қалады. Осы ерлігі үшін Мемлекет басшысының қолынан Бауыржан Момышұлы атындағы II дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды. Батыр азамат бүгінгі оқушылар-ертеңгі мамандарға батыл қадамы туралы баяндап берді.
ОЛЕГ ГОЛОВИН – қалалық ПБ ППБ қызмет инспекторы:
– Бүгін мектеп түлектеріне арналған кәсіби бағдар беру іс-шарасына шақырылдым. Сонымен қатар, қазіргі жастарға ақыл-кеңес бердік. Жақсы білім алсын дедік. Білім алып, еңбек етсін.
700-ге жуық оқушының басын қосқан жиын кәсіби бағдар беру мақсатында ұйымдастырылды. Жастарға полиция департаменті бастығының орынбасары Абылғазы Ғабдуллин полиция қызметінің қоғам үшін маңызына тоқталып, бейінді оқу орнына түсу тәртібін түсіндірді.
АБЫЛҒАЗЫ ҒАБДУЛЛИН — СҚО ПД бастығының орынбасары:
Жастарға қазақстандық полицияның мүмкіндіктері іс жүзінде көрсетілді. Жауынгерлік жабдықтар көрмесі, арнайы жасақ жауынгерлерінің көрсетілімі, робот-ит пен кәдімгі иттердің жұмысы паш етілді.
Данаш Хамз