Экология

Қажетсіз заттарға екінші өмір сыйлаған жастар

Қажетсіз заттарды лақтырмай, пайдаға жаратуға болады. Петропавлда “Таза Қазақстан” тұжырымдамасы аясында “Эко арт: қоқысқа екінші өмір сыйлау” атты көрме өтті. Шарада ұл-қыздар тұрмыста қолданған заттарынан жасаған түрлі туындыларды ұсынды. Оның ішінде әсем табиғат пен ертегілердің кейіпкерлері бейнеленген макеттер және тоқыма бұйымдары бар. Әрқайсысы көздің жауын алады. Шараның басты мақсаты – жастар арасында қалдықтарды сұрыптау, қайта өңдеу мәдениетін қалыптастыру.

ДАМИР ӘБДИН, қалалық жастар ресурстық орталығының жетекшісі:
– “Көрмеге қала мен аудандардан келген 50-ге жуық колледж студенті қатысты. Шара арқылы жастардың экологиялық сауаттылығын арттырғымыз келеді. Мұнда ескі киімдерді қайта тігіп, заманауи үлгіде ұсынған қыздар да бар. Көрмеге қазылар алқасын да шақырдық. Олар бұйымдарды қарап, бағасын береді. Үздік атанған ұл-қыздарға бағалы сыйлықтарымыз бар”.

Нурасыл Ахмет