ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, Қазақстан Республикасының Президенті:
– “Қазіргі заманның басты қуаты – білім мен ғылымда, озық инновацияларда. Жаңа технологияларды, жасанды интеллектіні терең меңгерген ел дамиды. Мемлекетімізге мықты ғалымдар, кәсіби инженерлер, ұлағатты ұстаздар мен білікті дәрігерлер әрқашанда керек болады. Мен ұлтымыздың көшін алға бастай алатын отаншыл азаматтарға зор үмітпен қараймын”.
Ал отаншыл азаматтарды қалыптастыру ісінде аға буын өкілдерінің маңызы зор. «Ақылды қария – ағып тұрған дария» дегендей, жастар өмір көрген, тәжірибесі толысқан үлкендердің ақыл-кеңесін әрдайым тыңдауы тиіс. Сонда болашаққа нық қадам жасайды. Түптің-түбінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауда айтқаны орындалады.
ВАЛЕНТИНА ЯКОВЛЕВА, Вагулин ауылдық округі бастауыш ардагерлер ұйымының төрайымы, Қызылжар ауданы:
– “Мен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа және біздің Үкіметке қолдау білдіремін. Жақындағы Жолдауды тыңдадық, ой түйдік. Қоғамдағы кемшіліктер айтылды, даму жоспары көңілден шықты. Аға буын өкілдері елде қашан да маңызды рөлге ие болады. Біз өз кезегімізде қоғамдық істерге араласа береміз. Ұрпақ тәрбиесіне қатысу – негізгі міндетіміз. Осыны жақсы түсінеміз”.
Байболат Култанов