Қоғам

Сұраныс көп: Беларусь аяқ киімдері жәрмеңкесінің өту мерзімі созылды

Қыс мезгілінде аяқ киімнің жылы болуы жеткіліксіз. Ол жеңіл, ыңғайлы әрі тайғақта табанды нық басуға мүмкіндік беруі керек. Петропавлда өтіп жатқан Беларусь аяқ киімдерінің жәрмеңкесінде осы талаптарға сай қысқы топтамалар ұсынылған. Тіпті адамның аяғының ерекшелігіне қарай белгілі бір тұстар ескерілген. Аяқ киімнің сапасы көпшіліктің көңілінен шықса керек, тұрғындар жәрмеңкенің өту мерзімін созуды сұрапты. Жәрмеңке желтоқсанның 3-іне дейін жалғасады.

ИРИНА МАСЛОВА, сату жөніндегі менеджер:
– “Барлық аяқ киім бұзау терісінен жасалған. Ішкі бөлігі қой терісімен қапталған. Әйелдер аяқ киімінің өлшемі – 36-42, ал ерлер аяқ киімінің өлшемі – 40-45”.

Осы орайда талғампаз сатып алушыларға маңызды хабарламамыз бар. Сонау Беларусь елінен Петропавлға аяқ киімдердің жаңа партиясы келе жатыр. Демек, сөредегі тауар толығады. Мұндай мүмкіндікті жіберіп алмау керек.

ПЁТР КОВАЛЁВ, қала тұрғыны:
– “Тауардың сапасы жақсы деп ойлаймын. Бағасы түрік аяқ киімдерімен салыстырғанда сәл арзанырақ. Жүргенде де жеңіл екен. Өзіме қысқы аяқ киімнің 2 данасын аламын деп отырмын”.

Беларусь аяқ киімдерінің жәрмеңкесі Жамбыл көшесі, 82А мекенжайы бойынша өтуде. Сатып алушы тұрғындар мен қала қонақтары нысанның оң жақ бүйіріндегі есіктен кіруі тиіс. Сауда күн сайын таңғы 10:00-нан кешкі 19:00-ге дейін жалғасады. Анықтама телефонын назарға ұсындық: 8 747 862 1123.