Облыста екі айдың ішінде 30-ға жуық өрт тіркелген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2 есе аз. Жылыту маусымында төтеншеліктердің алаңдаушылығы күшеймесе азаймайтындығы түсінікті. Өйткені, күн суытқан сайын пешті жағу да үдей түседі, электр құрылғыларын пайдалану да жиілейді. Сақтық шарасын білмеген жан үшін бұның салдары соқпақты болуы мүмкін. Өткен жылғы статистикаға тоқталсақ, 2025-те өңірде 200-ден астам өрт тіркелген. 32 адам қаза тапқан. Осы орайда мамандар тұрғындарға барынша сақтанып, пеш алдында қоқыс пен отын жинамауды, мұржаны уақытылы тазалауды, сондай-ақ, арнайы өрт хабарлағыш құралдарын орнатудың маңызын ескертіп-ақ жатыр.
АСЛАН АХМЕТЖАНОВ, СҚО ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы:
– “Күз келісімен ақпараттық-түсіндіру шарасы аясында 65 мыңнан астам тұрғын қамтылды. Профилактикалық рейдтерге жергілікті атқарушы орган қызметкерлері мен волонтерлік ұйымдар тартылуда. Осы мақсатта мектептерді араладық, балаларға өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндірдік. Әлеуметтік осал санаттағы отбасылар тұратын 5 мыңнан астам үйді назарға алдық”.
Сандугаш Кайырбек