Қоғам

Иманғали Татваев: Ата заң халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді

Конституция тек құқықтық құжат емес, елдің ертеңіне жасалған маңызды қадам. Ата заңда тұрғындардың құқығы мен бостандығы нақтыланған, білім мен ғылымға басымдық берілген, сондай-ақ, цифрлық қауіпсіздікке қатысты нормалар енгізілген. 21-бапта адамның жеке деректері Конституциямен қорғалады деп жазылған. Бұл халықты интернет-алаяқтық пен заңсыз несие рәсімдеуден сақтайды. Қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Иманғали Татваев Ата заң халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді деп есептейді.

ИМАНҒАЛИ ТАТВАЕВ, қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары:
– “Қазіргі таңда интернет-алаяқтар тұрғындарға миллиондап шығын келтіруде. Қуларға мен шамалас зейнеткерлер жиі жем болып жүр. Өз басым бөтен нөмірлер хабарласса, мүлдем көтермеймін. Күдіктенсем бірден бұғаттап тастаймын. Конституцияда цифрлық қауіпсіздікке ерекше мән берілгені көңіл қуантады”.

Нурасыл Ахмет