Интернет-алаяқтар Петропавлдағы мектептің бірінде жұмыс істейтін педагогті алдап, 4 млн теңгесін иемденген. Алдымен пысықай әйелге өзін ХКҚО қызметкері ретінде таныстырып, электронды цифрлық қолтаңбасының мерзімі аяқталғанын айтқан. Оны ұзарту үшін телефонға келген төрт таңбалы санды айтуды сұраған. Нәзікжанды алаяққа сеніп, дегенін істеген. Уақыт өткеннен кейін алаяқтар нәзікжандыға банк өкілі ретінде хабарласып, атына несие рәсімделіп жатқанын жеткізген. Мәселені шешу үшін аңғал азаматшаны банктен қарызға ақша алып, оны «қауіпсіз шоттарға» аударуға көндірген. Қулардың айтқанын бұлжытпай орындаған педагог ірі көлемде шығынға батты. Қазіргі таңда аталған факті бойынша тергеп-тесеру жұмыстары жүріп жатыр.
Нурасыл Ахмет