Заң

Ормандағы жарық заңсыз аң аулау фактісін әшкерелеуге ықпал етті

Шал ақын ауданында заңсыз қабан атып алған 37 жастағы ер адам ұсталды. “Браконьер” іс-шарасы аясында төңіректі тінтіп жүрген полиция қызметкері мен Сергеев орман шаруашылығының маманы орман ішінен жарықты байқап қалады. Ағаш арасынан қолында мылтығы бар ер адам шығады. Жақын жерде атылған жабайы қабан жатқан. Оқиға Сухорабовка ауылынан 7 шақырым жерде болған. Заңсыз аң аулау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті 3 мың АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салу немесе түзеу жұмыстарына тарту немесе 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына тартылуы мүмкін.

Аружан Султанова